13:23, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Ресей Қазақстан жеріндегі полигонда ЗҚҚ жүйесінің зымыранын сынақтан өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Әуе-ғарыш күші әуе қорғанысы және зымыранға қарсы қорғаныс әскері Зымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚ) жүйесінің жақын әрекеттегі зымыранын ұшырды. Бұл туралы РИА Новости РФ Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұшырылым Қазақстандағы Сарышаған полигонында сағат 10:00-де жүзеге асырылды. Зымыран сәтті ұшырылды.
Ұшырылым мақсаты - ӘҒК жарағындағы ЗҚҚ жүйесінің зымыранға қарсы тактикалық-техникалық сипаттамасын растау.