Ресей мен Әзербайжан ұшақ апатын зерттейтін криминалистикалық тергеуге жіберілмейді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Ресей мен Әзербайжан Ақтау маңындағы әуе апатын криминалистикалық тергеуге жіберілмейді
Фото: Pixabay.com

— Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге жіберілмейді бірақ әуе апатын тергеуге жіберіледі, — деді Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды. 

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі. 

Одан бөлек, ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды. 

Соңғы жаңалықтар