Ресей мен Беларустың арасындағы қалған келіспеушіліктер Кеден одағымен байланысты емес - В.Путин

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ресей мен Беларустың арасындағы қалған келіспеушіліктер Кеден одағымен байланысты емес. Бұл туралы Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путин Санкт-Петерборда өткен Кеден одағының жоғарғы органының мәжілісінде мәлім етті.
None
None

«Іс жүзінде, беларус әріптестерімізбен арада Кеден одағымен байланысы жоқ бір ғана келіспеушілік қалып отыр. Ол - мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы», - деді В.Путин.

В.Путин, бұл тақырыпты беларус тарабы мамырдың 21-інде өткен Кеден Одағы жоғарғы органының мәжілісінде көтергенін еске салды. Ресей премьері сондай-ақ, Беларус Премьер-министрінің телефонмен болған әңгіме барысында Президент Александр Лукашенкоға сілтеме жасап, Беларус тарабының үшжақты форматта Кеден одағын құру жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін қуаттағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар