Ресей мен Қытай шекарасына жақын 136 мектеп Starlink-ке қосыла алмай отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Starlink интернеті еліміздің Ресей және Қытаймен шекарада жақын орналасқан 136 мектепке қосылмаған.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
Аталған мектептер Ресей мен Қытай шекараларына жақын орналасқан және SpaceX саясатына сәйкес, Starlink интернеті аталған елдерде жұмыс істемейді.
Қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі SpaceX компаниясымен технологиялық мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, ведомство Қазақстан аймағын бөлуді сұрайды.
«Егер бұл мәселе техникалық тұрғыдан шешілмесе, біз басқа мектептерге тарату туралы келіссөздер жүргіземіз. Басқа техникалық шешім табылғанға дейін осылай жұмыс істейміз. Бірақ біз 136 мектепті Starlink интернетімен қамтуға мүдделіміз», - деді Жаслан Мәдиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 1 729 ауылдық мектеп Starlink спутниктік интернетіне қосылған. Өткізілген талқылау және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу шеңберінде төтенше жағдайларды жою кезінде интернетке қол жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктеріне пилоттық жобаны (шамамен 70 абоненттік терминал) кеңейту жоспарланып отыр.