Ресей мен Қырғызстан нөмірімен жүрген көліктер не себепті тіркелмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі министрлігі өкілдері Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «не себепті тек Арманиядан әкелінген көліктер тіркелуі қажет? Бұл талап Ресей, Беларусь, Қырғызстан секілді елдерден жеткізілген көліктерге неге қойылмайды?» деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу науқаны қарапайым азаматтардың мүддесіне сай келіп тұрғанын атап өтті.

«Армениядан келген көліктердің барлығы Қазақстан азаматтарына тіркелген. Ал Қырғызстан немесе Ресейден келіп жатқан көліктер сол елдердің азаматтарына тіркелген. Яғни, осы жерде айырмашылық бар», - деді Н. Ораз.

Сонымен қатар ол рөлі оң жақта орналасқан көліктерді Қазақстанда тіркеуге тыйым салынғанын еске салды.

«Армениялық әріптестерден тиісті ақпарат келіп түсті. Қазақстан азаматтарына тіркелген Армения көліктері 22 мыңға жеткен. Бірақ тіркеуге жататын көлік саны 14 мың болды. Қазіргі кезде соның 11 мыңға жуығы тіркелді. Қалған 10 күн ішінде барлығы тіркеуден өтеді деген сенімдеміз», - деді министрдің кеңесшісі.


Соңғы жаңалықтар