15:31, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Ресей-НАТО кеңесі жұмысын қайтадан жалғастырады
БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Кеше НАТО мүше елдері сыртқы саясат ведомстволары басшыларының бейресми кездесуінде Ресей-НАТО Кеңесінің ауқымында шартты қатынастарды қайтадан жалғастыруға шешім қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қорытынды баспасөз мәслихатында Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер: «Министрлер Ресей-НАТО кеңесінің жұмысын шартты түрде жалғастыруға келісті. Келіссөздер НАТО-ның мерейтойлық саммитінен кейін кешікпей басталуы тиіс», деп мәлімдеді. Бас хатшының айтуынша, Ресей мен НАТО арасындағы қатынастарды қайта жалғастыру өзара келісілмеген іргелі мәселелерді қарауға мүмкіндік бермек. Дегенмен Бас хатшы Ресей ұйымның, әсіресе Ауғанстан, лаңкестікпен күрес, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және есірткі арнасы бойынша ынтымақтастықта маңызды әріптесі екенін мәлімдеді. Журналистермен кездесуінде Ресейдің НАТО жанындағы тұрақты өкілі Дмитрий Рагозин де қатынастарды қайта жалғастыру мерекелік саммиттен кейін бірден күшіне енетінін қуаттады. Естеріңізге сала кетейік, Ресей-НАТО кеңесі отырыстары Оңтүстік Осетиядағы 2008 жылғы тамыз оқиғаларынан кейін үзіліп қалған болатын.