17:47, 09 Мамыр 2025 | GMT +5
Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың жауынгерлік жолы» атты кітап сыйлады
АСТАНА. KAZINFORM - Бейресми әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың жауынгерлік жолы» атты кітап сыйлады.

Ғұмырбаяндық еңбекте Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың майдандағы өмірінің толық хронологиясы беріліп, архив құжаттарымен дәйектелген.
Айта кетелік, Қасым Болтаев Ржев түбіндегі қан майданда қаза тауып, Трубино селосындағы бауырластар зиратында жерленген.
Осыған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты Кеңес Одағының Батыры атағымен марапаттау парағын табыстағаны туралы жаздық.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.