Ресей Президенті келесі жылы ЖИ бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — «Компьютерлік сана» әртүрлі салаларда бірте-бірте адамның орнын басып жатыр. Өзгерістерге дайын болып, оларды ел экономикасының дамуына қолданған абзал. Бұл жөнінде V Еуразия экономикалық форумында Ресей Президенті Владимир Путин мәлімдеді.
— Алдағы уақытта еңбек нарығын қайта құруға тура келуі әбден мүмкін. Себебі, миллиондаған адам жұмысынан айрылып, мамандығын ауыстыруға мәжбүр болуы ықтимал. Компьютерлік сана көптеген мамандықты ығыстыруы мүмкін. Өйткені, құжаттаманы дайындау және талдау, сондай-ақ, басқа да үдерістер автоматтандырылып жатыр. ЖИ қазірдің өзінде төменгі шендегі қызметкерлердің орнын баса бастады. Көп ұзамай, орта шендегі мамандарды алмастыруы да ғажап емес. Мұндай жайттардан қашып құтыла алмаймыз. Алдағы өзгерістерге дайын болу керек. Оларды экономиканы жедел өркендетудің құралы ретінде пайдаланған жөн, — деді ол.
Сонымен бірге, Владимир Путин 2027 жылы Ресейде ЖИ бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды. Онда өзара байланысты инфрақұрылым қалыптастыруды талқылауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Беларусь Президенті ЖИ қандай салаларда қолданылатынын мәлімдегенін жазғанбыз.