Ресей Президентінің уәкілі Борис Устенько Кеден одағы Комиссиясының процедуралары жөніндегі келісім мәселесімен Қазақстанға келеді

МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз таяу аптада Кеден одағы Комиссиясының процедураларының негізгі мәселелері бойынша келісуге барлық күш жігерімізді жұмсаймыз. Бұл жайлы бүгін Алматыда ҚР Кеден одағы елдерінің вице-премьерлерінің ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен болған кездесуінде айтылды.
None
None

«2012 жылы 1 қыркүйектен бастап Кедендік одақ Комиссиясының уәкілеттігі кеңейеді. Оны біз бүгін Алматыда ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен талқыладық. Оған дейін Астраханда Қазақстан мен Ресей Президенттері қараған болатын. Комиссия тек конценсус қағидасы бойынша шешім қабылдайды. Қандай да бір мемлекет өз ұстанымын білдірген кезде жалпы нарықтың қызығушылығы қорғалады», - дейді ТМД Экономикалық кеңесінің тең төрағасы, Ресей Үкіметі төрағасының 1-орынбасары Игорь Шувалов.

Оның айтуынша, бұл өте күрделі, қиын мәселе. Қазір Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің өкілдері қандай да бір құжаттарға өзгерістер енгізу жайын талқылауда. Енді алдағы аптада Ресей Президентінің уәкілі Борис Устенько аталмыш келісім бойынша Қазақстанға келеді. Одан кейін Беларусь еліне барады. Кедендік одақ Комиссиясында кім жұмыс істейтіні таяу күндері шешілмек. Бұл Комиссия мүшелері тұрақты түрде айына бір рет бас қосып отырады.

Соңғы жаңалықтар