Ресей СІМ Иран-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей сыртқы саяси ведомствосы мәлімдемесінде Израиль мен Иран арасындағы келісімге дипломатия мен келіссөздер арқылы ғана сенімді түрде қол жеткізуге болатыны айтылған, - деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 Ресей Сыртқы істер министрлігі Иран-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: © Софья Сандурская/ ТАСС

Сондай-ақ құжатта қазіргі шиеленісу бүкіл аймақтағы және бірінші кезекте Израиль және Иранмен шектесетін мемлекеттердегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздану қаупін тудыратыны атап өтілген.

Ресей тарапы Агенттік басшылығы жақын арада МАГАТЭ Әкімшілік комитеті мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарауы үшін егжей-тегжейлі жазбаша баяндама дайындайды деп күтеді.

Бұған қоса, Ресей Иран тарапының Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруы және Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты кез келген негізсіз күдіктер мен теріс пайымдауларды жоятын ықтимал шешімдерді әзірлеу үшін АҚШ-пен байланысты қалпына келтіруге дайын екендігі туралы нақты мәлімдемелерін атап өтеді.

- Негізі ЯҚТШ болып саналатын Ядролық қаруды таратпау мақсатына агрессия және жазықсыз құрбандар арқылы қол жеткізілмеуі керек, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 70-тен астам қазақстандық азамат Ираннан шығуға жәрдем алған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бұған дейін Иранда 132, Израильде 219 Қазақстан азаматы бар екенін жазғанбыз.

СІМ Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар