Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресей сыртқы істер министрлігі Зауытбек Тұрысбековты «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады

МӘСКЕУ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Осы аптада РФ сыртқы істер министрінің орынбасары - статс-хатшы Григорий Карасин Ресейдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты  Ресейдегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековты қабылдады.

Ресей сыртқы істер министрлігі Зауытбек Тұрысбековты «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады

РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Г. Карасин қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысын атқарған жемісті де табысты қызметі үшін, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға атсалысқаны үшін алғысын білдіріп, «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» РФ СІМ-нің төсбелгісімен марапаттады.

Бұған дейін, РФ ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдарында ынтымақтастық орнатуға үлес қосқаны үшін З. Тұрысбековты «Жауынгерлік достастық үшін» медалімен марапаттаған болатын.