Ресей Т-72 танкісінің қосалқы бөлшектерін Қазақстанға жеткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Уралвагонзавод» (УВЗ, «Ростех» мемлекеттік корпорациясына кіреді) ғылыми-өндірістік корпорациясы Қазақстанға Т-72 танкісінің қосалқы бөлшектерін жеткізуді бастайды, деп хабарлады бейсенбі күні УВЗ баспасөз қызметі. Қажетті келісімшартқа «Армия-2017» форумында қол қойылды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Армия-2017» форумында УВЗ корпорациясы үшін белсенді келіссөздік процестер жүргізілуде. Соның ішінде ең маңыздысы - «Семей Инжиниринг» АҚ мен «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ арасында Қазақстан Республикасының қару-жарағына кіретін Т-72 танкісі үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу туралы келісімшартқа қол қойғаны», - деп хабарлады УВЗ.

Баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қазақстандық серіктестер ел аумағында бронды техника жөндеу өндірісін құруға ниетті екендігін мәлімдеген.

Корпорацияның бас директоры Александр Потаповтың хабарлауынша, Қазақстанның машина паркі негізінен УВЗ өндірген арнайы техникалардан құралған.

«УВЗ интеграцияланған құрылымының құрамына бронды техниканың өмірлік кезеңін ұзартуда көпжылдық тәжірибесі мен кәсібилігі бар бронды танкі жөндеу зауыттары кіреді», - деп келтіреді оның сөзін баспасөз  қызметі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram