Ресей тарапы бейбітшілік жоспары бойынша ұсыныстардың көпшілігін қабылдамайды — Ушаков Майамидегі келіссөз туралы

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей тарапы Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің Майамиде америкалық келіссөз жүргізушілермен болған байланыстарының қорытындысы бойынша Украинадағы реттеу жоспарына қатысты қандай ұсыныстарды қабылдауға болатынын, ал қайсысын қабылдауға болмайтынын қарастырады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС ТАСС

Ресей тарапы бейбітшілік жоспары бойынша ұсыныстардың көпшілігін қабылдамайды — Ушаков Майамидегі келіссөз туралы
Фото: ТАСС

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. 

— Дмитриев мырза қазір Майамиде іссапармен жүр. Ол америкалықтардың еуропалықтар мен украиндықтардан алған кейбір сигналдарын әкеледі. Біз мұның бәрін осында талқылаймыз және нені қабылдауға болатынын және нені мүлдем қабылдауға болмайтынын көреміз, — деді ол.

Бұл ретте Ушаков бейбітшілік жоспарындағы ұсыныстардың көпшілігі Ресей тарапы үшін қолайлы болмайтынын қосып өтті. Ол АҚШ-пен келіссөз кезіндегі ұсыныстардың көпшілігін Украина мен Еуропа ұсынғанын растады, ал Кремль өкілі оларды «жеткілікті түрде сындарлы емес» деп тапты.

Ушаков сондай-ақ Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің Украинадағы келісімге қатысты Майамидегі АҚШ өкілдерімен байланыста екенін және келіссөз барысындағы кейбір мәселелер бойынша Мәскеуге хабар беріп жүргенін, 22 желтоқсанда Владимир Путинге есеп беретінін қосып өтті. 

— Осыдан кейін біз соның ішінде америкалықтармен байланысымызда алға жылжу үшін ұстаным шығарамыз, — деді Ушаков.

Президенттің көмекшісі сонымен қатар Мәскеу, Вашингтон және Киев өкілдері арасында үшжақты кездесу өткізу идеясы әлі байыпты талқыланбағанын және қазіргі уақытта әзірленіп жатқан жоқ екенін атап өтті.

Майами қаласында өткен АҚШ-Украина форматындағы келіссөзде не айтылғанын мына материалдан оқи аласыз

Соңғы жаңалықтар