Ресей толеранттылықта Қазақстан халқынан үлгі алуы қажет - И.Кобзон (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының Мәдениет жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, қоғам және мәдениет қайраткері Иосиф Кобзон Қазақстанды әлемнің рухани астанасы деп атады.
None
None

Ол бұл пікірін бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында білдірді. «Осынау қиын-қыстау уақытта біз Қазақстанды осымен бірнеше мәрте әлемнің рухани астанасы деп атаудамыз. Өйткені, дәл осы жерде ел Президентінің басшылығымен халықтардың рухани келісімі жайы тұрақты түрде айтылады. Қазақстан халқының түсінігіндегі толеранттылық бұл тек қана достық анықтамасы емес. Бұл келісім, барлық азаматтардың іс-қимылына жауапкершілік. Мен Қазақстанға келген сайын Қазақстан халқының өзіне деген мүлтіксіз сенімін сезінгенім үшін бақыттымын. Өйткені, сіздердің елдеріңізде ұлтаралық араздық немесе жанжал түсінігінің өзі де жоқ», - деді И.Кобзон. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды даму үстінде екендігін, оның бүгінгі таңда саясат пен экономикада, сонымен қатар мәдениет саласында да өз жемісін беріп отырғанын баса айтты.«Мен Қазақстан Президентіне және оның бастамаларына өмірде жүзеге асыратын барша адамға шексіз ризамын. Ашығын айтқанда қызғанышпен қараймын, мен Ресей Федералды Республикасы да Қазақстаннан үлгі алар болса керемет болар еді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар