Ресейде автокөлік өнеркәсібін дамытудың жаңа стратегиясы бекітілді

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресей Үкіметі автомобиль өнеркәсібін 2035 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті. Бұл туралы РФ Премьер-Министрі Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі РФ Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Россия планирует нарастить выпуск автомобилей до 2,8 млн в год
Фото: ТАСС

– Бірқатар қабылданған шешімдердің арқасында саланың кәсіпорындары бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы олардың жиынтық өндіріс көлемі 830 мың автокөлікке жетті. Бұл санкциялар енгізілген 2022 жылғы көрсеткіштен екі еседен астам жоғары, – деді ол.

– Осы саладағы шаралардың тиімділігін арттыру үшін Үкімет автомобиль өнеркәсібін дамытудың жаңартылған стратегиясын бекітті. Құжатта негізгі басымдықтар мен тиісті нысаналы көрсеткіштер, оның ішінде барлық сегменттерде өндіріс көлемін еселеп арттыру көзделген, – деді РФ Үкімет басшысы РФ вице-премьерлерімен өткен кеңесте.

Бұған дейін Қазақстанның автомобиль өндірісінің толық циклін қалыптастыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы жазған болатынбыз.