Ресейде әйел баласын итше жетектеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбургте әйел кішкентай қыздың мойнына арқан салып, көшеде итше жетектеп серуендеп жүр. Бүлдіршін күнде осылай жүріп дағдыланғандай, төрт аяқтаған жүрісі еркін әрі тың.
None
None

Полицейлер екатеринбургтік Алексей Власкин түсірген бейне жазбаны тексеруде, деп хабарлады E1.ru. порталы.

«Оларды 20 шілдеде түстен кейін «Зеленая Роща» саябағында кезіктірдім. Футбол алаңында серуендеп жүріп, осындай түсініксіз жағдайдың куәсі болдым. Арттарынан 10 минуттай бақыладым. Бала төрт аяқтап жүгіріп жүруінен танбады. Басқа балалар оған нан ұсынса, ол балаларға ит сияқты жүргіріп алдарына барады», - деді Власкин.

Тәртіп сақшылары әйел мен баланың кім екенін анықтауға тырысуда. ІІМ Свердловск облысы бойынша ММ Кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі бойынша қызмет ведеороликті зерделеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар