Ресейде қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнде Мурманск облысындағы Хибин тауынан қар көшкіні жүріп Кировск қаласының шетіндегі үйлерге дейін жеткен, деп хабарлайды interfax.ru.
None
None

«Кировскінің полиция бөліміне жергілікті тұрғындар хабарласқан, олар қар көшкіні үйлерінің терезелерін қиратты деп шағымданған. Қазір оқиға орнында ТЖМ және құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеуде», - дейді жергілікті ішкі істер органдарының баспасөз хатшысы М.Шихова.

Қар көшкіні салдарынан бір жергілікті тұрғын қаза тапқан.

«Қаза тапқан ер адам. Оның аты-жөні анықталуда. Шамасы ол қар көшкіні жолына тап болған», - дейді агенттікке ақпар беруші.

Ресей ТЖМ-ның хабарлауынша, Мурманск облысындағы Хибин тауында қар көшкіні болу қаупі аса жоғары деп белгіленген. Бейсенбі күні онда 16 қар көшкіні тіркелген.
null

Фото: vk.com

Соңғы жаңалықтар