Ресейде Lada Xray жаңа хэтчбегі сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік АвтоВАЗ жаңа хэтчбек Lada Xray-ді сатуды бастағанын жария етті. Сатылым елдегі 57 қаладағы 124 дилер орталығында қолға алынған, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

Автомобиль төрт нұсқада жиналған - Optima, Comfort, Top және Prestige. Жаңа модельдің бастапқы құны - 589 мың рубль (2,73 млн теңге).

Хетчбэк Lada Xray-дің базалық жинақтамасы (Optima, 1,6 л) екі қауіпсіздік қапшығымен, ESC сүйреуге қарсы жүйе, ЭРА-ГЛОНАСС апаттық хабарлау жүйесімен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар