Ресейде шаурмаға арналған мемлекеттік стандарт жыл соңына дейін бекітіледі

АСТАНА. KAZINFORM — ГОСТ «шаурма», «шаверма», «донер» және «кебаб» терминдерін анықтайды. Бұдан басқа, стандарт тұтынушының көзінше дайындалған өнімдерге, сондай-ақ бөлшек сауда желілерінде сатылатын қапталған тағамдарға қойылатын талаптарды қамтиды, деп хабарлайды Kazinform. 

Ресейде шаурмаға арналған мемлекеттік стандарт жыл соңына дейін бекітіледі
Фото: Pexels

Бұл туралы Роскачество басшысы Максим Протасов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

— Біз үшін құжаттың сапалы болуы және болашақта оны қоғамдық тамақтану және тамақ индустриясы саласы тиімді қолдана алуы өте маңызды. Құжатты алдын ала бекіту күні 2026 жылдың соңына ауыстырылды. Стандарт күшіне енген кезде ол бүкіл сала үшін ойынның айқын және ашық ережелерін белгілейтінін және тұтынушыларға сатып алып жатқан заттарына сенімділік беретінін атап өткім келеді, — деп мәлімдеді ол.

Ұйым басшысы бұл стандарт бойынша жұмыс сарапшылар мен тұтынушылар арасында айтарлықтай қызығушылық тудырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қоғамдық талқылау барысында алынған барлық сындарлы ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, ГОСТ-тың бірінші редакциясын пысықтау аяқталып жатыр.

2024 жылдың желтоқсанында Протасов шаурмаға арналған ГОСТ стандарты 2025 жылдың соңына дейін бекітілетініне уәде берді. Сол кезде стандарттың бірінші редакциясы бойынша жұмыстар аяқталғаны айтылған болатын. Сонымен бірге, Роскачество басшысы шаурма сауда нүктелеріне жаңа тексерулер жүргізілетінін жариялады.

Бұған дейін Еуроодақ Түркияға дәстүрлі донерге эксклюзивті құқық беруден бас тартқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар