Ресейде жол апатынан қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ульяновск облысында болған жол апатына қатысты ресми мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«Ресей Федерациясы Ульяновск облысы төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, аталған облыста болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Ресейдің Ульяновск облысының Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

«Жол апаты салдарынан микроавтобуста болған 15 адамның және жүк көлігінде болған 1 адамның көз жұмғаны анықталды. 3 адам ауруханаға жеткізілді, 1 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ульяновск облысында жол апатына ұшыраған микроавтобуста Қазақстан азаматтары болған», - деген ақпарат тартты ТАСС агенттігі.


Соңғы жаңалықтар