Ресейдегі Қазақстан Елшісі БҰҰ ФАО басшысы қызметіне кандидатпен кездесті

МӘСКЕУ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Өткен жұма күні Ресейдегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры қызметіне кандидат Жозе Гразиано да Сильвамен кездесті.

Ресейдегі Қазақстан Елшісі БҰҰ ФАО басшысы қызметіне кандидатпен кездесті

Кездесу барысында Орталық Азия аймағын дамытудың көкейкесті мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтар болсақ, тараптар азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын үнемді пайдалану және су құрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыға салды.