Ресейдің әскери авиациясы «Союзды» қондыру үшін Қазақстанға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің әскери авиациясы және төтенше жағдай қызметтері «Союз МС-06» ғарыш кемесін қондыру үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ресейдің әскери авиациясы «Союзды» қондыру үшін Қазақстанға келді

Халықаралық экипаж 28 ақпан күні Жерге оралуы тиіс.

Экипаждың қонуын қамтамасыз етуге он екі МИ-8 тікұшағы, үш АН-26 ұшағы және екі АН-12 қатысады. Бұлардан тыс, жеке құрамның 200 қызметкері, 16 автотехника жұмылдырылған.

Ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин, америкалық ғарышкерлер - Джозеф Акаба мен Марк Ванде Хай мінген капсула 28 ақпан күні жергілікті уақытпен 8:31-де Жезқазған қаласының маңына қонуы тиіс.