Ресейдің бір облысында Отбасы күні ажырасуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Новгород облысында Отбасы, махаббат және адалдық күні ажырасуды рәсімдеуге тыйым салынды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейдің бір облысында Отбасы күні ажырасуға тыйым салынды

Новгород облысының АХАЖ өкілі Ирина Самусованың айтуынша, 8 шілде өңірде некелесу үшін сәтті күн саналады. 2008 жылдан бастап облыста осы мереке күні отбасын құрған жұптардың тек 12 пайызы ғана ажырасқан.