2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Ресейдің ОСК Мемлекеттік Дума сайлауының қорытындысын жариялады

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Мемлекеттік Думаның тоғызыншы шақырылымы депутаттарын сайлаудың қорытындысын бекітті. Бұл туралы ОСК төрайымы Элла Памфилова комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресейдің ОСК Мемлекеттік Дума сайлауының қорытындысын жариялады
Фото: РФ Мемлекеттік Думасы

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Единая Россия» партиясы 349 мандатқа, КПРФ — 37, ЛДПР — 23, «Новые люди» — 19, «Справедливая Россия» — 17, «Родина» бір мандатқа ие болды. Тағы төрт мандатты өзін-өзі ұсынған кандидаттар алды.

Пайыздық көрсеткіш бойынша «Единая Россия» 58,21%, КПРФ — 13,47%, ЛДПР — 8,88%, «Новые люди» — 7,82%, «Справедливая Россия» — 5,34% дауыс жинады. Бірмандатты округтер бойынша «Единая Россия» 209 мандат алды.

Сайлаушылардың қорытынды белсенділігі 59,8%-ды құрады. Дауыс беруге шамамен 67,4 млн сайлаушы қатысты.

Элла Памфилова жарамсыз бюллетеньдер саны туралы да хабарлады. Ресейдегі сайлау барысында 37 мыңға жуық бюллетень жарамсыз деп танылды. Бұл жалпы бюллетеньдер санының 1,36%-ын құрайды.

Оның айтуынша, мұндай бюллетеньдер Ресейдің 12 өңіріндегі 20 сайлау учаскесінде анықталған. Шетелдегі 333 сайлау учаскесінде 6,9 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды. Бұл дауыс беру жәшіктерінен алынған бюллетеньдердің жалпы санының 2,5%-ынан аз.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде Мемлекеттік дума сайлауында үш күндік дауыс беру басталғанын жазғанбыз.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимип Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады.