Ресейлік аграршылар солтүстікқазақстандықтарға бидайдың ерте пісетін сұрыптарын өсіруді ұсынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Түмен облысының «Агро Альянс» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШҚ директоры Юрий Щетин солтүстікқазақстандықтарға бидайдың «ирень», «радуга», «алабұға» сұрыптарын өсіруді ұсынды.

Ресейлік аграршылар солтүстікқазақстандықтарға бидайдың ерте пісетін сұрыптарын өсіруді ұсынды

Бұл туралы ол ауыл шаруашылық дақылдарының сұрпын ауыстыру және жаңғырту мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің кеңесінде айтты.

Түмен облысының «Агро Альянс» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШҚ директоры Юрий Щетин соңғы екі жылда табиғи-климаттық жағдай қолайсыз болып, әсіресе жинау науқаны кезінде температура төмен, ылғал жоғары болғанын атап өтті.

Солтүстікқазақстандық аграрийлер де осындай мәселеге тап болды.

«Қазір ерте пісетін сұрыптарға деген сұраныс артып келеді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанның нарығына сынақтан өткен және өзін жақсы жағынан көрсеткен «ирень», «радуга», «алабұға» сұрыптарын ұсынып отырмыз. Бұл сұрыптар жоғары өнімділігімен, пісуі орташа болуымен және дән сапасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Түмен және Қорған облыстарында бұл сұрыптардың өнімділігі жоғары», - деді Юрий Андреевич.

Ол сондай-ақ, «Агро Альянс» компаниясының СҚО-мен ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын, өткен жылы аймаққа 1000 тоннаға жуық тұқым жеткізілгенін айтты.