Ресейлік кеден өкілі Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне орналасты

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті мен РФ Федералдық кеден қызметінің басшылары арасындағы 2010 жылғы 24 ақпандағы уағдаластықты орындау барысында,

Ресейлік кеден өкілі Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне орналасты

ағымдағы жылғы 5 сәуірден бастап Маңғыстау облысына Қазақстан Республикасы кеден қызметіндегі Ресей Федерациясы кеден қызметі өкілдігінің консультанты Вероника Манохина келіп орналасты.

Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, өкілдіктің лауазымды тұлғасының негізгі міндеті - Қазақстан мен Ресей кеден қызметінің өзара іс-қимылы, Кеден одағының кеден шекарасындағы кедендік бақылаудың мониторингі жағдайын жүзеге асыру, Кеден одағы заңнамасын тиімді орындауды арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында мәселені анықтау.

Бұдан басқа, өкілдіктің лауазымды тұлғасының Маңғыстау облысы бойынша КБД-де болуы Кеден одағының кеден шекарасы арқылы заңсыз кесіп өтуде шара қолдануға қатысуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні өкілдіктің лауазымды тұлғалары сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да орналасқан.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ КБК лауазымды тұлғалары Ресей Федерациясының кеден органдарында да орналасқанын атап айту қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кеден қызметінің өкілдіктері Ресей Федерациясында, Қытай Халық Республикасында, Бельгия және Беларусь Республикасында бар.