Ресейлік Қорғаннан келген делегация қостанайлық тауарларға қызығушылығын білдірді
КОСТАНАЙ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Құрамына Ресейдің Қорған облысының бизнесмендері кірген делегация қатысушылары Қостанай қаласына сапар жасады.
Қорған облысының Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Евгений Сочневтің айтуынша, «қорғандықтар көршілес жатқан Қазақстанның шекара маңындағы облысымен ынтымақтастық құруға қызығушылықпен қарайды, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру біздің елдеріміздегі бизнестің дамуына мүмкіндік береді».
Өз кезегінде қостанайлық сауда-өнеркәсіптік палатаның төрайымы Валентина Трибушная біздің елдеріміздің экономикасы инвестицияларды тартуға мүдделі болып келетінін, және Кедендік одақ мүше-мемлекеттері енді бір-біріне көбірек көңіл бөліп отырғандығын мәлімдеді.
Сапар барысында Қорған облысының жас кәсіпкерлері қауымдастығы қостанайлық өндірушілермен Қорғанның дүкендер желісіне азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім орнатуға ұсыныс жасады.