Ресейлік Сбербанк БТА банкіне инвестор болудан әлі бас тартқан жоқ - Ә.Сәйденов

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - БТА банктің болашақ инвесторы болуы мүмкін Ресейлік Сбербанк БТА банк жұмысымен  танысуын жалғастыруда.
None
None

 Бұл туралы бүгін Алматыда БТА банкінің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейлік банк тарапынан жақында біздің еншілес компанияларымыз туралы ақпарат сұралды. Бұл ақпарат оларға келісімге сәйкес берілді. Сондықтан екі жақты диалог жалғасуда. Сбербанк өз ұстанымын бұған дейін білдірді. Олар сыртқы қарызды табысты қайта құрылымдаудан кейін барып нақты келіссөздер жүргізуге келісіп отыр. Қазірге дейін инвестор болудан бас тарту туралы ресейлік банк тарапынан ешнәрсе естімедім», дейді Ә.Сәйденов.

Оның айтуынша, Темірбанк, БТА ипотека сынды еншілес компаниялар қайта құрылымдау үрдісінен шығарылған. Бірақ Темірбанк банктің активтерінің бірі болғандықтан, БТА банктің бизнес үлгісі есебінде. БТА Темірбанкке осыған дейін 73 миллиард теңге инвестиция құйған. Темірбанктің БТА банкке банкаралық қарызы 57 миллиард теңгені құраған. «Кредиторлар мен кеңес берушілер Темірбанктегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бірақ бұл бағытта нақты ұстаным білдірген жоқ», деді Ә.Сәйденов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум