17:27, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ресейлік «Севмаш» қазақстандық «КАТЭП» ЖШС-на арналған пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған 16 орауыш жиынтықты тиеуді аяқтады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейлік «Севмаш» Қазақстанның «КАТЭП» ЖШС-на пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған УКХ-123 16 орауыш жиынтықты тиеуді аяқтады, деп хабарлайды ресейлік кәсіпорынның баспасөз қызметі.

УКХ-123-ті жеткізу мен оны дайындап шығару келісімшарты 2008 жылы жасалған болатын. Бағдарламаны АҚШ-тың Энергетика министрлігі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі (NNSA) қаржыландырады.
Баспасөз қызметтің ақпараты бойынша, тапсырыс берушінің тарапынан жеткізілген өнімнің сапасына ешқандай сын айталған жоқ. Қыркүйектің 15-і күні «КАТЭП», NNSA және Севмаш өкілдерінің қатысуымен келісімшарттық қарым-қатынастардың орындалу нәтижелері бойынша қорытынды келіссөздер өтеді.