06:14, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Ресейлік сүңгуірлер Байкал көлінің түбіне шырша орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік сүңгуірлер отандастарына су астынан жаңажылдық құттықтау жолдады. Олар Байкал көлінің түбіне шырша орнатқан.

Бұл - жыл сайынғы дәстүр. Биыл мерекелік шараға 21 адам қатысып отыр. Олардың барлығы су астында, суықта жүрсе де, арнайы жамылғының сыртынан мерекелік киім киген. Сүңгуірлердің арасында тіпті Аяз ата мен Ақшақар да бар, деп жазады 24.kz.
Фото: felbert.livejournal.com