Ресейліктер Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының 7-ші Бас Ассамблеясын өз елдерінде ұйымдастыруды ұсынды
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының 5-ші Бас Ассамблеясында «Единая Россия» партиясының Мемлекеттік Думадағы фракциясы төрағасының орынбасары Владимир Пехтин Ассамблеяның 7-ші отырысын Ресейде өткізуді ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруге қатысты сөз қозғаған В.Пехтин халықаралық ұйымдардың өз міндеттерін талапқа сай атқара алмағандығын атап өтті. Сондай-ақ ол тек дағдарыстан тек мемлекеттердің бірлескен қимылдарының арқасында ғана шығуға болатындығын атап өтіп, «бұл бағытта қалыптасқан мәселелерді тиімді шешу үшін қоян-қолтық ақпарат алмасып, өзара үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейде атқару қажет. Сондай-ақ біз бүгінгі Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы беретін мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануымыз қажет. Сондықтан да біз аталмыш конференцияның Бас Ассамблеясының 6-шы отырысын Иранда өткізілетіндігін ескере отырып, 7-ші отырысты Ресейде ұйымдастыруды ұсынамыз» деді.