Ресейлік туристер мінген ұшақ Мальдивте екі рет мұхитқа қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. KAZINFORM – Мальдив аралдары маңында ресейлік туристер отырған жеңіл моторлы ұшақ екі рет апатты жағдайда мұхитқа қонды, деп хабарлайды Shot Telegram-арнасы.

Самолет с россиянами аварийно сел посреди океана
Фото: Shot

Оқиға 28 маусымда аралдан аралға бағыт алған рейс кезінде болған. Ұшып шыққаннан кейін біраз уақыт өткенде әуе кемесі дауылға тап болып, биіктікті жоғалта бастаған. Ұшқыштар әуелі ұшақты су бетіне қондырып, ұшақ суда бір сағаттан аса уақыт тұрған.

Кейін ұшақты қайта ұшыруға әрекет жасалғанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесі жағалауға жақын жерде екінші рет мұхитқа қонуға мәжбүр болды.

Соңында ұшақ сүйреткіштердің көмегімен құрлыққа жеткізілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Францияда туристік ұшақ құлап, үш адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар