Ресеймен арадағы уағдаластықтар өзара тиімді серіктестік рухында ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға үлес қосады - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресеймен арада қол жеткізілген уағдаластықтар достық пен өзара тиімді серіктестік рухында екі елдің ынтымақтастығын ары қарай нығайтуға үлес қосады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Ресей - дәстүрлі түрде Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Өзара тауарайналымының орташа жылдық көлемі 21 млрд. доллар шамасында. Әрине, қазіргі кездегі бағалардың төмендеуі жағдайында тауарайналым да кемиді. Менің ойымша, бұл ахуал түсінікті және тауар айналымының артуы үрдісі қалпына келеді», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Н. Назарбаев ресейлік компаниялар Қазақстандағы көмірсутек шикізаты бойынша ірі кен орындарын игеруде қатысып жатқандығын еске салып өтті.

«Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 5 мың 600 кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде Индустрияландыру картасы аясында Қазақстанда бірлескен 20 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды, төртеуі іске асырылуда, тағы үшеуі перспективада», - деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында ҚР Президенті Ресеймен арада қол жеткізілген уағдаластықтар достық пен өзара тиімді серіктестік рухында өзара іс-қимылдың барша кешені бойынша екі елдің ынтымақтастығын ары қарай нығайтуға үлес қосатындығына сенім артты.

Соңғы жаңалықтар