Республика бойынша 125 теміржол вокзалы жөнделеді – вице-министр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Еліміз бойынша 125 вокзал жөнделеді. Сонымен бірге биыл 226 вагон жаңарады. 

Республика бойынша 125 теміржол вокзалы жөнделеді – вице-министр
Фото: Алтынай Сағындықова

ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Автожол, теміржол және әуе қатынасындағы жұмыстар мен алдағы жоспарды бөлісті.

— Былтыр жолаушылар тасымалы 7 пайызға өсті. Оның ішінде Ақтөбе облысының үлесі де көп. Барлығы 20 млн жолаушы тасымалданса, оның миллионға жуығы осы Ақтөбе облысында екен. Енді осы үрдіс жалғасады. Жаз кезінде вагон саны барынша көбейіп жатыр. 19-21 вагонға дейін арттырады. Вагондардың жағдайы бойынша көп әңгіме болады. Елімізде теміржол саласында жолаушылар тасымалдайтын 2600 вагон болса, оның 42 пайызы ескірген, болмаса 30-40 жылдан бері қолданыста. Оны жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асады. Биылтыр 143 вагон сатып алған. Биыл 226 вагон алады. Елімізде вагон шығару зауыттары іске қосылғаны белгілі. Ол Петропавлдағы зауыт, сонымен бірге неміс компаниясы Астанада құрылысын бастап жатыр. Биыл бірінші вагондарын бізге береді, - деді ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев.

Республика бойынша 125 теміржол вокзалы жөнделеді – вице-министр
Фото: Алтынай Сағындықова

Сөйтіп 2030 жылға қарай вагонның 80 пайыз жаңарту жоспарда бар. Сонымен бірге биыл елімізде теміржол вокзалдары жөнделеді. 

— Елімізде көп жылдан бері теміржол вокзалдарына жөндеу, күрделі жөндеу жүргізілмеді. Соған байланысты министрлік Үкімет қолдауымен үлкен шараны қолға алды. Республика бойынша 125 вокзалдың жөндеу жұмысын бір мезгілде бастап, бір жылда аяқтау жоспарланып отыр. Алдағы аптада жөндеу басталады. Оның ішінде Ақтөбе облысында 7 вокзал тізімге кірді, - деді ҚР Көлік вице-министрі.

Республика бойынша 125 теміржол вокзалы жөнделеді – вице-министр
Фото: Алтынай Сағындықова

Еске салсақ, Қызылорда облысындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал жөнделеді. 

Соңғы жаңалықтар