Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 16-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.

погода, остановка, буран, люди
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атлантикалық циклон және фронталды бөліктер арқылы ҚР батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон сілемі күннің жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Осыған дейін Абай облысында қар құрсауында қалған көліктерден 96 адам эвакуацияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар