Республикада инфляция бойынша Қызылорда облысы ең төменгі көрсеткішке ие - Данияр Ақышев

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары кезінде журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Банк басшысы алғашқы кезекте Қызылорда облысындағы қаржы нарығының даму перспективаларын сөз етті.

Оның айтуынша, өңірдің экономикалық әлеуеті мен даму перспективалары жоғары. Қызылорда облысында 2016 жылғы 11 айда инфляция бойынша ең төменгі көрсеткіш белгіленген, бұл есепті кезеңде 7,5%-ды құраған республикалық деңгейден төмен.

Қызылорда облысы заңды және жеке тұлғалар салымдарының өсуі жағынан көш бастап тұр. «Егер тұтастай алғанда ел бойынша теңгемен салымдар 84%-ға дерлік өссе, Қызылорда облысында ол 143%-ға өскен, бұл өңірлер ішіндегі ең жақсы нәтиже болып табылады», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Мұнан өзге Данияр Ақышев журналистерге ҚР ҰБ жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты және қаржы нарығындағы соңғы үрдістер жайында айтып берді, сондай-ақ қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар