Республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесiнде қозғалысқа шектеу енгiзiлдi

АСТАНА. KAZINFORM – Күннің бұзылуына байланысты (қатты боран, көру мүмкiндiгiнiң шектелуi) республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесiнде жүк және қоғамдық автокөлiктер үшiн шектеу енгiзiлдi.

метель, смог, туман, снег, погода, автомобиль, дорога, ауа райы, қар, боран, жол
Фото: Kazinform

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Карабұтақ-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-КХР шекарасы» 776-1240 шақырымы, Ақтөбе қаласы - Қызылорда обл.

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы-Мартук-Актобе-Карабутак-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Кордай-Алматы-Хоргос-гр.КХР» 1240-1362 шақырымы, Ақтөбе облысы-Арал қаласы.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

Ауа райына байланысты ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғыда алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүрмеуге тырысу керек.

Ауа райы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылап отырған жөн.

Осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар