Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы елдің шығысында Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстарын бастады - Өскемен

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бастаған республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Шығыс Қазақстанда Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысын түсіндіру жұмыстарын бастады.

Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы    елдің шығысында  Елбасы Жолдауын   түсіндіру   жұмыстарын    бастады - Өскемен

Топ мүшелері екі күн бойы Абай, Жарма, Зырян, Шемонаиха, Ұлан аудандарының елді мекендері мен Өскемен, Риддер, Семей және Зырян қалаларында кездесулер өткізеді. Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамына тоғыз адам кіріп отыр, олардың қатарына мәдениет және қаржы вице-министрлері Ғазиз Телебаев пен Руслан Даленов, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов және басқалар бар.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бүгін Өскеменде «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымдарымен кездеседі, одан кейін «Нұр Отан» партиясының аймақтық кеңсесінде жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.