Республиканың басым бөлігінде 28 мамыр күні найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, СҚО-да бұршақ жаууы мүмкін.

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындар ықпалымен кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Бұл туралы Казгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Республиканың басым бөлігінде 28 мамыр күні найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, СҚО-да бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, таңертең және күндіз Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Атырау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғады деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың батысында және оңтүстігінде төтенше жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы өзендерде су көлемінің тұрақсыздануы байқалады. Қазақстанның жазықты аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер болмайды.