Рейсіне міне алмаған жолаушы әуе компаниясынан 500 мың теңге өндіріп алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында азамат әуе компаниясынан материалдық залалды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды. 

деньги
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Сот мәліметінше, жолаушы 2025 жылдың 26 шілдесінде Қызылорда — Алматы бағыты бойынша рейске әуе билеттерін сатып алған. 16 тамызда тіркеуден өтіп, әуежайға келгеннен кейін әуе компаниясының қызметкерлері тіркеудің жойылғанын айтып, оны әуе кемесінің бортына жібермеген. Сондықтан ол Алматы қаласына жоспарланған уақытта жете алмаған.

Осыған байланысты талап қоюшы соттан жауапкерден материалдық залалды, сондай-ақ моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұраған.

— Жауапкер жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға заңды негіздердің болғанын растайтын дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған. Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына әуе компаниясынан материалдық залал, 500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ сот шығындары өндірілді, — деп хабарлады соттан.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін ақша жымқыру ісі бойынша Air Astana бұрынғы қызметкерлеріне сот үкімі шықты.

Air Astana-ның сотталған экс-қызметкерлерінен үй-жай мен бағалы көліктер тәркіленетіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум