РФ Бас прокуратурасына А.Мешімбаеваны Қазақстанға экстрадициялау үшін қылмыстық мәртебесін қуаттау ұсынылған жоқ

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей Бас прокуратурасына қазақстандық тараптан ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы бастығы Анар Мешімбаеваны экстрадициялау үшін қылмыстық мәртебесін қуаттау ұсынылған жоқ. Бұл туралы бүгін ОРТ Еуразия телеарнасының тілшісі "Аналитика" бағдарламасында хабарлады.
None
None

"Ресей Федерациясының Бас прокуратурасында бізге қазақстандық тараптан осы кезге дейін оның ресми мәртебесін қуаттау және оны отанына экстрадициялау үшін қажетті құжаттар берілген жоқ, сондықтан ресейлік прокуратура өкілдерінде БАҚ-пен бөлісетін ешқандай ақпарат жоқ", деп хабарлады тілші.
Еске сала кетейік, А.Мешімбаеваға ҚР құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған болатын, осы негізде оны Ресей ІІМ қызметкерлері ұстады. Қазір ол Ресей Федерациясының аумағында.
А.Мешімбаева екінші ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 764 млн. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын ұрлауға қатысты айыпталуда.
Бұдан бұрын Бас прокуратура бұрынғы шенеунік Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр деп хабарлаған болатын, отандық құқық қорғаушылар олармен Мешімбаеваны беру жөнінде уағдаластыққа келе алмады. Айыпталуға дейін ол үш жылға жуық уақыт статистикалық ведомствоны басқарды.

Соңғы жаңалықтар