Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

РФ Елшісі М.Бочарников Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтарды КСРО-ның жауынгерлік наградаларымен марапаттады

СТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Орталық аппаратында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников Ауғанстандағы соғыста көрсеткен ерліктері үшін наградаға ұсынылған, бірақ түрлі себептермен оны өз уақытында ала алмаған интернационалист-жауынгерлерге КСРО-ның жауынгерлік наградаларын табыс етті,

РФ Елшісі М.Бочарников Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтарды КСРО-ның жауынгерлік наградаларымен марапаттады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімі - бүгін, 1989 жылғы ақпанның 15-і күні Ауғанстан аумағынан әскердің шығарылғанына 21 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылды. «Марапат өз иесін тапты» республикалық шарасы Ресей Елшілігінің қолдауымен «Нұр Отан» пaртиясы мен «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының» мұрындық болуымен өтті.

М.Бочарниковтың айтуынша, Ауғанстандағы соғыста көрсеткен ерліктері үшін кезінде КСРО-ның наградаларына ұсынылған, бірақ түрлі себептермен оларды өз уақытында алмаған жауынгерлерді ізбеп-табу жұмыстары ұдайы атқарылып келеді және бұл жұмыстар барлық наградалар өз иелерін тапқанша жалғасатын болады.

«Қазақстан Ауғанстандағы және басқа да жергілікті соғыстарға қатысқан жауынгерлерге лайықты ізет пен құрметтің көрсетілуіне үлкен назар аударады. Біз ылғи да соның куәсі болып келеміз. Осындай құрмет пен ілтипат Ресей Федерациясында да көрсетіліп отыр. РФ-ның басшылығы атынан марапаттарды үлкен құрметпен табыс етуге рұқсат етіңіздер», - деді ол.

Елші, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1989 жылғы мамырдың 24-індегі Жарлығына сәйкес, «Ерлігі үшін» медальдарымен Берік Сабыров пен Тұмарбек Мұрынбаевты, «Жауынгерлік ерліктері үшін» медальдарымен Ерғазы Тұрақбаевты, Сергей Шиляевты, Амангелді Ликеровты, Темірбек Қойлыбаев пен Анатолий Юринді марапаттады.

Сондай-ақ М.Бочарников, үстіміздегі жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы Қазақстанда да, ТМД аумағында да кең ауқымда атап өтілетінін жеткізді.