РФ мен ҚР саясаткерлерінің арасындағы байланыстар емес, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар - бірлескен жобалардың іргетасы -маман пікірі

МӘСКЕУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың қызметінен босатылуы Мәскеу және Мәскеу облысында жүзеге асырылып жатқан қазақстандық жеке жобалардың созылып кетуіне әкелуі мүмкін.
None
None

"ҚазАқпараттың" Мәскеудегі тілшісімен болған әңгімесінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу бойынша Ақпараттық-сараптама орталығының (АСО) директоры Алексей Власов осындай ой айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл Ресейдегі қазақстандық дипломатиялық миссияның белсенді қызметінің арқасында Ресей Федерациясындағы Қазақстанның экономикалық белсенділігі артып, сонымен қатар екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстардың дамуына қатысты елеулі жетістіктерге қол жетті. Сонымен қатар, осы мемлекетте орын алған оқиғалар нәтижесінде Ю.Лужковтың Мәскеу мэрі қызметінен кетуі, Ресейдегі қазақстандық қоғам өкілдерінің арасында "Мәскеу мен Мәскеу облысында жоспарланып қойылған келісімдердің орындалуын созып жібермей ме?", деген қауіптерін тудырды.

Дегенмен, маманның ойынша, қазақстандық тарапқа алаңдаудың қажеті жоқ. Ресей мен Қазақстанның байланыстары Ю.Лужковтың тұлғасына тәуелді емес, бұл байланыстар Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Ресей Премьер министрі Владимир Путиннің мәртебесіне сүйеніп жасалды. Ал олар Қазақстанға қатысты өздерінің уәделері мен міндеттемелерінен ешқашан бас тартып көрген жоқ.

«Әрине, кейбір жобалардың жүзеге асырылуы аздаған уақытқа созылып кетуі мүмкін, бірақ ол Ю.Лужковтың қызметінен кетуінен емес - онымен жұмыстың кейбір бағыттарын, соның ішінде Қазақстанмен байланыстар бағытындағы жұмыстарға жетекшілік еткен лауазымды тұлғалар да бірге кетуіне байланысты болып отыр», - деді сарапшы.

«Кейбір жобаларды кейінге қалдыра тұру керектігін түсіне отыра, мен олардың көбісінің әлі де жүзеге асатынына сенімдімін, өйткені, ҚР мен РФ нақты саясаткерлерінің арасындағы байланыстар емес, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар» - деп қорытты сарапшы.

Соңғы жаңалықтар