Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

РФ СІМ өз отандастарының жауапсыз пікірлеріне қазақстандықтардың назар аудармауын өтінуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары статс-хатшы Григорий Карасин жергілікті билік өкілдерінің Қазақстан жеріне Ресей құқығы бар деген сынды пікірлеріне назар аудармауға шақырады.

РФ СІМ өз отандастарының жауапсыз пікірлеріне қазақстандықтардың назар аудармауын өтінуде

Бұл жайында ресейлік дипломат Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжинмен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметінен.

«Әңгімелесу барысында ресейлік тараптан ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастың тарихи аспектілеріне қатысты ресейлік өңірлік билік органдарының кейбір өкілдерінің жауапсыз пікірлерінің соңғы уақытта пайда болуына қатысты түбегейлі баға берілді. Сыртқы саясат және шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту мәселелері бойынша мәлімдемелер мен түсіндірмелер Ресей Федерациясы басшылығының, РФ Сыртқы істер министрінің, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша ресми тұлғаның ғана айрықша құзырында болатындығы баса айтылды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің атап өтуінше, тараптар екі ел өкілдері арасындағы алдағы кездесулердің кестесін, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған басымдықты құжаттарды даярлау мәселелерін талқыланды.