Рыбакина денсаулығына байланысты Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды.
WTA ресми сайтынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты.
- Өте өкінішті, мен бүгін ойнай алмаймын. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100 пайыз өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын. Бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.
Осылайша, Л.Носкова ойнамастан финалға өтті. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кениннің қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Е.Рыбакина Токио жарысының жартылай финалына шыққаннан кейін 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина Токио турнирінің жартылай финалына шықты.
Елена Рыбакина бірегей көрсеткішке қол жеткізді.