Риддердегі жылу электр орталығында қанша қазандық жұмыс істеп тұр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында 4 қазандық және 1 турбоагрегат іске қосылған.

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында 4 қазандық және 1 турбоагрегат іске қосылған.
Фото: ШҚО әкімдігі

Риддердегі жылу электр орталығы жылыту маусымы басталғалы бері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

- Қазіргі уақытта орталықтағы көмір қоры 23 155 тоннаны құрайды, бұл 25 тәулікке жетеді. Көмірдің тәуліктік шығыны - 900 тонна. Мазут қоры - 550 тоннадан асады. «Қаражыра» АҚ-мен қаңтар айына жоспарланған көмір жеткізу көлемі - 35 000 тонна. Желтоқсан айында көмірдің нақты жеткізілуі 27 мыңға жуық тоннаны құрады. Осы сәтте №1, 2, 3, 5 қазандықтар және №1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен. 

Жылыту маусымы басталар алдында №1, 2, 4 және 5 қазандық агрегаттары ағымдағы жөндеуден өткен. Ал №3 және №6 қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.

Еске салсақ, 2022 жылдың күзінде Риддер қаласында жылу электр орталығынан ақау шығып, халық жылусыз қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар