Рио-2016: Дзюдошы Мариан Урдабаева алғашқы қарсыласына есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиадада 63 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан дзюдошы Мариан Урдабаева алғашқы кездесуінде ұтылды.

Рио-2016: Дзюдошы Мариан Урдабаева алғашқы қарсыласына есе жіберді

Жерлесіміз 1/16 финалда  Қытай спортшысы Ян Цзюньсянға есе жіберді. Еске сала кетсек, 28 жастағы алматылық алғаш рет Олимпиадаға қатысып отыр.