Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

РИО-2016: Еркін күрестен Мамед Ибрагимов олимпиада жүлдесіне қол жеткізе алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақтағы Қазақстан құрамасының мүшесі Мамед Ибрагимов Рио-де-Жанейродағы өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада жарысын тоқтатты.

РИО-2016: Еркін күрестен Мамед Ибрагимов олимпиада жүлдесіне қол жеткізе алмады

Оны ширек финалда ұтқан Элизбар Одикадзе финалға шыға алмады, осылайша қазақстандық спортшы Олимпиада қоласы үшін жұбаныш финалына өтуге мүмкіндіктің жолы кесілдді.

Грузин палуаны америкалық Кайл Фредерик Снайдерске 9:4 есебімен жол берді.

Еске сала кетсек, қазақ палуаны ширек финалда грузиялық Элизбар Одикадзеге 1:6 есебімен ұтылды.

Бұған дейін ол   1/8 финалда Венесуэла балуаны Хосе Даниэль Диас Роберттимен белдесіп жеңген болатын.