Рио-2016: Сабина Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін көркем гимнатикадан ел намысын қорғаған Сабина Әшірбаева жарысты 12-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарарт тілшісі.
Ол жекелей көп сайыста жалпы есепте 69,232 ұпай жинады. Осы көрсеткішімен жалпы есепте 12-орынға табан тіреді. Осылайша Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, көркем гимнастикадан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қазақ қызы Әлия Жүсіпова 5-орынға ие болған болатын. Содан бері спорттың бұл түрінен әлі бір отандасымыз Олимпиада ойындарында биіктен көріне алмай келеді.