Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Рио-2016: Жаппарқұл, Зайчиков, Ұлановтан медаль күтеміз - Қайрат Тұрлыханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов Рио-де-Жайнерода өтіп жатқан жазғы Олимпиада-2016 ойындарында қазақстандық зілтеміршілерден күтетін болжамымен бөлісті.

Рио-2016: Жаппарқұл, Зайчиков, Ұлановтан медаль күтеміз   - Қайрат Тұрлыханов

«Біздің командамыз өте жас. Олардың келешектері жарқын. Жазира Жаппарқұлдан медаль күтеміз, оның қазір нағыз бабында тұрған шағы. Зайчиков, Ұлановтар - мықты ауыр атлеттер. Медаль алатындарына сенімдімін», - деген Тұрлыхановтың сөзін келтіреді «Хабар» сайты.

Олимпиадада сегіз зілтмерішінің екеуі өнер көрсетті. Маргарита Елисеева 48 келіге дейінгі салмақта бесінші болса, Арли Чонтей 4-ші орынға  (56 келіге дейінгі салмақта) тұрақтап, медальға сәл ғана жетпей қалды.